Мемлекет арендалық пәтер ақысын төлеуге көмектеседі – Тоқаев тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдік кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін тездетіп шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

айтуынша, қазіргі кезде әкімдіктер кезекте тұрған адамдар үшін арендалық үйлерді салады. Алайда бюджеттік және сатып алу процедураларына көп уақыт кетеді. Сол себепті арендалық үйлердің құрылысы баяу жүргізіледі.  

"Осы схемаға өзгеріс енгізетін кез келді. Енді, қаржыны тек құрылысқа ғана емес, арендалық төлемді субсидиялауға да бағыттау қажет. Бірінші жылы бұл көрсеткіш бірден 10 есеге өседі. Осылайша, 100 мыңнан астам отбасы нақты көмек алады", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында. 

Президенттің айтуынша, бұл мәселемен Отбасы банкі айналысады. "Мен "Отбасы банкіне" осы жұмысты ретке келтіруді тапсырдым. Бұл банк "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жанынан құрылып жатыр. Банк басшылығына осы мәселе бойынша жеке жауапкершілік жүктелген", - деп атап көрсетті Тоқаев.

azh.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика