Енді 42500 теңге төлене ме? Министр мәлімдеме жасады

Бүгінге дейін 4 миллион 539 мың адам әлеуметтік төлем алған, барлығы 193 миллиард теңге бағытталды 11 мамырдан бастап әлеуметтік төлемді алуға өтініш беру тоқтатылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін төтенше жағдай мерзімі аяқталды. Сондықтан да біз бүгіннен бастап жаңа өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Бірақ 11 мамырға дейін өткізілген өтініштердің барлығы міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса, тағайындалып төленеді" деді министр үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

Айтуынша, бүгінге дейін 4 миллион 539 мың адамға 42 500 теңге тағайындалып төленді. Барлығы 193 миллиард теңге бағытталған.

"Төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, олардың саны 3 миллион 735 мың адам, екінші айға да төлем алуға құқылы"деді министр.

Министрлік демалыстың алдында, 5-6 мамыр күні екі миллионға жуық адамның өтінішін рәсімдеп, банктерге 99 миллиард теңге жіберген.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика