Әділ бәсеке, тең құқық, ұлттық мүдде

 «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық Одақтың негізгі қағидаттарына назар аударды.

– Қазақстан 2015 жылғы шарттың негізінде дәл осы интеграцияны қолдайтынын тағы да атап өткім келеді. Яғни, «төрт еркіндік» және инфақұрылымға тең дәрежеде қолжетімділік, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секілді негізгі қағидат мүлтіксіз сақталуы керек. Бұл – біздің ортақ ісіміздің негізгі қағидаттары. Қазақстан оларды ілгерілетеді, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл Еуразиялық Экономикалық одақтағы соңғы кездегі кейбір орын алып отырған түсінбестік жағдайларды жойып, интеграцияны дамыту керектігін көтеріп отыр. Интеграцияны дамытуда егеменді мемлекеттердің өзара келісіммен, бір-бірінің өндірісіне, сауда айналымына кең рынок ашып, жан-жақты дамуына жол аша түсу керек. Сайып келгенде Еуразиялық Экономикалық одақ оған мүше мемлекеттердің экономикалық әлеуетін, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталуы керек. Ынтымақтасу арқылы ғана мемлекеттер даму жолында жақсы табыстарға жете алар еді.

Серікқали Жұқиев,

мемлекеттік қызмет саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521