Дауыс санау басталды

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы да өз мәресіне жетіп қазіргі таңда дауыс санау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы Индер ауданы бойынша 1 аумақтық, 6 округтік, 18 учаскелік сайлау комиссиялары, оларда барлығы 147 комиссия мүшелері жұмыс істеді.

Ауданда сайлауға қатысуға құқығы бар 20473 азамат тіркелген болатын. Саяси доданың заң талаптарына сай өтуін саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан 90 жуық байқаушы және депутаттық мандаттан дәмелі үміткерлердің 50 астам сенімді өкілдері қадағалады.

Жалпы сайлаушылардың ішінде 57 жас алғаш рет дауыс беріп өз таңдауларын жасады. Сонымен қатар аудандық ауруханадағы ем алушылар мен барлығы 367 сайлаушыға өз өтініштері бойынша арнайы жылжымалы жәшік апарылып, дауыс беруге мүмкіндік жасалды. Сайлау қорытындысы алдағы сағаттарда белгілі болады.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз