Дауыс берушілердің алғашқы легін бастап Индербордағы Шахтер көшесінің тұрғыны, ұзақ жылдар бойы аудандық баспахананың директоры, аудандық әйелдер кеңесінің төрағасы болып абыройлы қызмет еткен 82 жастағы ардагер Маргарита Бозаева сайлауға келді.
- Бүгін елімізде орын алып жатқан саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп таңдауымды жасадым.
Ел болашағы үшін жасалып жатқан сайлауға өз даусым арқылы үлес қосқаныма қуаныштымын. Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азаматтар бүгінгі шарадан қалыс қалмайды деп сенемін.
Бүгінгі саяси науқан да Әз Наурыз мерекесі де құтты болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, - дейді баспасөз ардагері Маргарита Бозаева.
С. Сансызбайұлы