Бағдарлама берген нәтиже

Елбасының «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жалғасын табатынын Президент Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында атап өткен болатын. Бүгінде аталған бағдарлама аясында ел бойынша бірқатар жұмыстар нәтиже бере бастады. Оның ішінде ауданға іргелес Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов, Бөкей Орда және Жәнібек аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын, ұзындығы 280 шақырым, республикалық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылған жобаға сай күрделі жөндеу қарастырылған. Күрделі жөндеу нысандарында айналма жол салу жұмыстары белсенді жүргізілуде, магистральда жер жұмыстары жүргізіліп, су өткізгіштерді (құбырларды) жөндеу жұмыстары басталды. Вахталық қалашық пен бетонқоспалауыш қондырғыны толық жұмылдыру, жол-құрылыс материалдарын дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Биылғы жылы нысандардың аяқталуын тездету үшін жөндеу базасын нақтылауға қосымша қаражат бөлінді. Толық жөндеуді аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Бүгінгі күні Орал –Саратов, Орал –жол учаскелері сынақтық пайдалануға берілді. Әрине, жол бойынша апатты жағдайлар аз кездеспейді. Сондықтан біздің елдегі жол қауіпсіздігі жағдайын айтарлықтай жақсартуды талап етіп отыр. Мәселен, 2019 жылы жол-көлік оқиғаларынан болған өлім-жітім 2373 адамды құраған, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 13 адамды (12,7) құрайды.

Бұл мәселенің өткірлігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жоғары деңгейде ұдайы көтеріп келеді. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осы қызметке тағайындалған күннен бастап жол қауіпсіздігіне қатысты жағдайды өз бақылауына алды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында апаттарды, жарақаттар мен өлім-жітімді азайту бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру басталды. Ағымдағы жағдайды жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Дүниежүзілік банк ұсынған несиенің институционалды компоненті аясында 2019 жылдың қарашасында Швецияның SweRoad компаниясы Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп Қазақстанда IRAP халықаралық жол қауіпсіздігін бағалау жүйесін енгізу бойынша келісімшарт келіссөздерін өткізді. Келісімшартқа 2019 жылдың 31 желтоқсанында қол қойылды, ал жоба 2020 жылдың қаңтарында басталды.

Бағалау аяқталғаннан кейін әрбір жол учаскесіне IRAP стандарттары мен нұсқауларына сәйкес жұлдызшалар рейтингі тағайындалады және алынған мәліметтерге сүйене отырып, апаттық жағдайларды, ең бастысы еліміз жолдарындағы өлім-жітім мен жарақаттануды азайтуды көздейтін, бар кемшіліктерді жою бойынша әрі қарайғы іс-шараларға инвестициялық жоспар жасалады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Б.Б.Атамқұловтың тікелей қолдауымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы «Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындарын қайта құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №131 қаулысымен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) құрылды. Құрылғаннан бері кәсіпорын бүкіл Республика бойынша жұмыс орындарына 20 мың инспекциялық сапарлар жүргізді, 15 мың тәртіп бұзушылықтар анықталды, 37 мың жол-құрылыс материалдары таңдап алынды және сынақтан өткізілді.

Сараптама нәтижелері бойынша 2,9 млрд.теңге көлеміндегі жұмыстарды қайта құру ұсынылды, оның 2,4 млрд.теңгесі қайта ұйымдастырылды да. Тікелей өзара түсіністікпен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды. Орындалып жатқан жұмыстарды және мердігер ұйымдар қолданатын материалдарды қабылдау мен сапасын бақылау үдерісіне, соның ішінде арнайы мониторингтік топ құрамын жұртшылықты тарту тәжірибесі енгізілуде.

Алғаш рет жол қауіпсіздігі деңгейін бағалай отырып, ұзындығы 16 мың км болатын республикалық желінің автомобиль жолдарын аспаптық диагностикамен қамту жұмыстары басталды.

Жол – экономиканың күретамыры. Онда қайнаған еңбек, күнкөріс көзі жатыр. Сол себепті жол бойындағы қызметті ұйымдастыру да маңызды мәселе. Бұл ретте жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Осы жылдың басынан бері 35 бірлік қызмет көрсету объектілері салынды, осылайша олардың жалпы саны 1839 бірлікті құрайды, оның 939 бірлігі (53%) халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес келеді. Жыл соңына дейін қызмет көрсету нысандарының 58%-ын халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру жоспарлануда.

Министрлікте «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-мен «Компас» желілік жанармай құю станциялары компаниясы арасында жол бойындағы қызметті дамыту саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім құрамына жанармай бекеті, ауыр көліктер мен автобустарға арналған кең автотұрақ, 80 орындық фуд-корт, тауарлар мен автомобиль керек-жарақтарының үлкен таңдауымен Express Market кіретін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол бойындағы сервистік кешендердің 35 бірлігінің құрылысы қарастырылған. Жоба 4200 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, биыл жеке инвестициялар есебінен республикалық маңызы бар жолдардың бойында жайлы жабдықталған санитарлық-гигиеналық тораптары (СГТ) бар 18 бірлік жанар-жағармай құю стансалары (Compass, GasEnergy, ҚазМұнайГаз, Helios, Sinooil) салынуда. Сондай-ақ, қалпына келтіру учаскелерінде 22 бірлік СГТ жарақтандырылады.

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында биылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылға дейін жол бойындағы қызмет көрсету объектілері бүкіл республикалық автомобиль жолдары желісі бойынша ұзындығы 24 мың км болатын аумақта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін болады. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырылады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT