АРНАЙЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

Зайырлы қоғам қалыптастыруға бағыттайтын сайлау өтіп жатқан тұста аудандық жастар орталығының алдында ауыл шаруашылығы тауарын өндіршілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған аудандағы көкөніс дақылдарын және мал шаруашылығымен айналысатын шаруагерлердің өнімдері кп назарына ұсынылды. Ұзық жылдан шруашылықпен айналысып келе жатырған «Весна», «Ақпасов» «Индер Агро», «Омега Балық», «Құспанов», «Балауса» шаруа қожалықтары  сәбіз, қызылша, картоп, көкөніс,  пияз, балық, бал секілді халыққа алдымен қажетті өнімдерді қол жетімді бағамен саудалап, тұрғындардың ризашылығына ие болды.
-Өздеріңізде білесіздер бізден көп жылдан бері көкөніс өнімдерін егумен айналысамыз. «Алғабас-Жорық» каналының бойынан арнайы жер алып жылжай салып қысы-жазы еңбек етіп келеміз. Отбасымызбен бірге еккен көкөніс дақылдарын орталықтағы «Алға» базарына апарып сатсақ енді міне жергілікті басшылықтың бастамасымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатынасу үстіндеміз. Әрі бұл жәрмеңке Прламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауымен тұспа тұс келіп отыр екен. Жолдасым екеіуіміз ертемен барып дауыс беріп келдік,-дейді «Весна» шаруа қожалығының жетекшісі Юлия Матвеева.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521