Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы облысының әкімі ауысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 қараша № 695 Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда туған.

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан энергетика министрі болған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1993 жылы – жекеменшік компанияның экономисі.

1994 жылы – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

1998 жылы – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.

2000 жылы – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2001 жылы – «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.

2001 жылы мамырда – «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

2003 жылы – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.

2007 жылы – «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009 жылы 30 қарашада – Жамбыл облысының әкімі.

2013 жылы желтоқсанда – Павлодар облысының әкімі.

2016 жылы Қазақстан энергетика министрі болған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521