2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау – тек бір саланың емес, тұтас қоғамның дамуына серпін беретін тарихи шешім.
Өйткені ел экономикасының іргетасы – қарапайым еңбек адамының маңдай терімен қаланады. Агрономнан бастап электрикке дейін, тігіншіден бастап дәнекерлеушіге дейін – әр маманның қоғамдағы рөлі тең.
Қазір цифрлы технологиялар заманы десек те, шебердің орны ешқашан бос қалмайды. Сондықтан жұмысшы мамандықтарын тек орта біліммен шектелетін бағыт емес, кәсіби әрі келешегі зор сала ретінде қарастыру – уақыт талабымен өлшенетін нәрсе.
Бұл жыл – еңбек адамының беделін көтеріп, жастардың техникалық және кәсіптік білімге бет бұруына мүмкіндік береді. Нағыз өркениетті қоғам – жұмысшыны құрметтеген ел деп есептеймін. Осы жыл тек науқандық шаралармен шектелмей, нақты нәтижелерге бағытталатын ауқымды жобалармен де іске асқаны жөн.
Әсел ТАБИҒАТҚЫЗЫ