“Учаске” іс-шарасы сотталғандарға арнайы сұхбаттар жүргізуде

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қарасты Пробация қызметімен «Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар, пробация қызметінің 33 қызметкері жұмылдырылды.

- Күшейтілген іс-шара барысында Пробация қызметінің қызметкерлері Ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, мінез-құлқын, тұрмыс-тіршілігін бақылап, олармен тәрбиелік мәні бар профилактикалық сұхбаттар жүргізіп жатыр, - дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Нұрлан ҚАБДОЛОВ.

Облыс бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде тұрған 499 сотталғанның мекен-жайына тексеріс жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, арнайы құқықтық-база арқылы сотталғандардың пробация қызметін хабардар етпей мекен-жайын ауыстыру, әкімшілік жауапкершілікке тартылу, шетелге шығу секілді істерді жасаған-жасамағандығын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

- Аталған тексеріс барысында 39 сотталған сот жүктеген міндеттерден жалтарғандығы анықталып, ескерту жарияланды және 8 сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру туралы сотқа ұсыным жолданды,-дейді Қабдолов.

«Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы желтоқсан айына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика