Атырауда зейнеткерді тонаған екеу ұсталды

Тал түсте Атыраудағы "тұрғындар қалашығы" ықшам ауданындағы үйдің пәтерлерінің бірінің есік қоңырауын соғып, ішке енеді. Есігін ашқан 71 жастағы зейнеткерге күш көрсетіп, ақша, ұялы және радио телефонын, алтын алқасы мен сырғасын алып, оқиға орынынан бой тасалап қашып кеткен.

Аталған қылмысты жедел ашу мақсатында Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтың бұйрығымен тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу жедел тобы құрылды.

-"Іздестіру шараларымен ұзамай күдіктілер анықталып, ұсталды,"-деп хабарлады облыс полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Тексеру барысында, азаматшаға 479 000 теңге залал келтірілгені, сонымен қатар, күдіктілердің біреуі бұрын ұрлық қылмысы үшін сотталғаны анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 191 бабы 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Атырау облыстық полиция департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT