Атырауда полицейлер кассирді тонаған күдіктіні құрықтады

Атырау қаласы жедел басқару орталығының “102" пультіне Вокзал маңы-5 ықшам ауданындағы микронесиелер кеңсесіне қатысты тонау фактісі туралы хабарлама келіп түсті.

Маска киген күдікті касса қызметкерін пышақпен қорқытып, ақшасын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде Атырау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция және Қалалық полиция басқармасы қызметкерлері күдіктіні 10 сағат ішінде ұстады. Ол бұрын сотталған Жылыой ауданы Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.

tablgan-zattar

Тексеру барысында күдіктінің іс-қимыл жоспарын алдын-ала ойластырғаны белгілі болды. Аталған мекеме ғимаратының бейнебақылау жүйесімен жабдықталмағанын және күзетші жоғын білген.

kudikti

Қазіргі таңда, ҚР ҚК-нің 192 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат ҚПК-тің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521