Жаңашылдықты жастардан күтеміз

Өткен аптада Көктоғай ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, жастар бастамаларын қолдау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Студент жастардың басы қосылған «Жалынды жастар – ел болашағы» тақырыбындағы шарада ауыл әкімі Мәмбетқали Құсайынов биылғы жылғы ауылды көркейтуге арналған іс-шаралар жоспарымен таныстыра келе, ауылдағы өзекті мәселелерді қозғады. Атап айтқанда кадр тапшылығы, соның ішінде ауыл тұрғындары үшін дәрігердің аса қажеттігі бар.

«Ауыл жастарының мәдениеті, тәртібі бірқалыпты, жастардың үлкенді сыйлауы, кішіге қамқорлық танытуы көңіл қуантады»-деп баға берген әкім болашақта қамқорлық акциялары, спорттық бағыттағы шараларды өткізуге мұрындық болсаңыздар деген ойын орталық басшысына білдірді.

Дөңгелек үстелде аудандық Жастар ресурстық орталығының  директоры   Әсел  Сарғойшина Елбасының биылғы Жолдауындағы бағыттар бойынша, соның ішінде  7  бағыты – «Адами капитал – жаңғыру негізіне» тоқталып, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының жалғасын табатынын, оған оқушыларды тарту бағытында мамандық таңдауға байланысты жұмыстар жүретінін жеткізді. Ағылшын тілін үйрену де заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін айта келіп, жастарды бос уақытында тіл үйренуге шақырды.

Шараға жиналған студенттер өздерінің ойларын да ортаға салды.

Диас АЙБАРОВ.

Көктоғай ауылы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT