Үздік театр атағын иеленді

Мақат ауданының 100 жылдығы мен аудандық мәдениет үйі жанындағы "Халықтық" театрдың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық "Театр - ғажайып әлем" атты театрлар байқауында индерлік жерлестеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Екі күнге созылған аталмыш байқауда облыстың түкпір-түкпірінен келген сегіз халықтық театр өз өнерлерін ортаға салып, әртүрлі шығармалар желісіндегі  қойылымдарды көпшіліктің назарына ұсынды.

Байқау нәтижесінде Индер аудандық «Жарсуат» халық театры белгілі жазушы Төлен Әбдіктің әңгімесі желісінде құралған «Оң қол» драмасымен (Режиссері Айбек Бейбітов) бас жүлдеге ие болса, «Индер Мәдениет» МКҚ кәсіпорны жанынан құрылған «Есенжол Домбаев» атындағы халық театры Мұхтар Мағауиннің шығармасының желісінде «Бір уыс бидай» атты спектаклімен (Режиссер -  Шайда Уразғалиева) І орынды қанжығалады.

Сондай-ақ жерлестеріміз Г.Шаукирова «Ең үздік әйел адам», А.Бейбітов «Ең үздік режиссер» номинацияларымен марапатталды.

Шара соңында барлық қатысушы халықтық театрларға қаржылай сертификаттар табысталды.

А.Бокирова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT