Қылыштың құдіреті

Жылқыны қолға үйрету арқылы өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болса, металл өндірудің амал-тәсілдерін табу арқылы адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті.

Ал біз әңгіме еткелі отырған қылыш қаруы да Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан технологиялық жаңалық екенін сезінеміз бе?

Ақинақ – сақ қаруы

Ежелгі заманда-ақ Қазақстан жерінде тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтар жасалған. Семсерді қоладан бастап, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытқан. Мысалы, жақында Корея жерінде табылған біздің дәуірімізге дейінгі ежелгі семсерді зерделей келе ақыры кезінде қазақ жерінде жасалғандығы анықталып, әлемге паш етілді.

Ежелгі сақтар, сарматтар дәуірінде кең қолданған семсердің түрін – ақинақ атайды. Ақинақ –Қазақстанның Тәуелсіздігінің символына айналған «Алтын адамның» да, Атыраудан табылған Сарматтар көсемінің белдігінен көре аласыз. Облыстық өлкетану музейінің ауданға ұйымдастырған «Атыраудың алтын адамы» көшпелі көрмесінде ежелгі ақинақ музейге қойылып, индерлік көрермендер тамашалауға мүмкіндік алды. Акинақтың ерекшелігі семсердің шағын түріндей, яғни қанжар секілді көрінеді.

Осыдан 4-5 жыл бұрын Құрылыс ауылының шығыс жағындағы Борсық қорғандарына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ғалымдардың пайымынша бұл қорғандардан табылған жәдігерлер сарматтар дәуіріне жатқызады. Қазба жұмыстары барысына куә болған аудандық өлкетану музейінің сол кездегі меңгерушісі Эльмира Төлешова ақинаққа қатысты қызықты мәлімет айтқан болатын.

Толығырақ Дендер газетінің 28 наурыздағы санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика