Сандықта сақталған сурет

Біздің Аққала ауылының тұрғындары өздерін сонау 1929 жылы құрылып, әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстың алапат ауыр шағында тылда ерен еңбегімен тарихқа енген «Степан Разин» атындағы колхозының негізін қалаушылардың ұрпақтары екендіктерін әрқашанда  мақтан етіп жүреді.

Бұл колхоз кезінде одақта, республикада үздік шаруашылық танылып, бірнеше мәрте ауыспалы Қызыл туды жеңіп алған. Бұл, әрине, осы шаруашылықты әр кезеңде басқарған Н.Прусак, И.Канцев, С.Төлешов, Қ.Жұмалиев, Ғ.Ниязғалиев, Р.Жұбанышқалиев, орынбасарлары Б.Әйтімов, Б.Нұриев, Қ.Жаймақов, Қ.Құспанов, М.Жаналисов, тағы басқаларының жоғары ерік-жігерлерінің арқасы екендігі сөзсіз.

Соның арқасында  «Степан Разин» колхозының төрт бірдей мүшесі, атап айтқанда тәжірибелі малбегілер Дәулет Базарбаев, Тілеген Жылысов және комсомол жастар Маржан Енбаева мен Ғалым Есмұратов 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атанған.

Маржан апамыз Мәскеуде өткен БЛКЖО-ның  ХІ съезіне делегат болып қатысып, өзі өсірген сәйгүлікті сыйға тартады. Сол жылдары Әблахат Еспаев пен Сыдықбек Адамбековтің атақты «Маржан қыз» әні дүниеге келеді. Қарап отырсақ,           биылғы жазда 13 индерліктің Социалистік Еңбек Ері атанған тарихи кезеңге 70 жыл толады екен. Ал олардың арасында болған Ғалым аға Есмұратов бүгінде ортамызда жүргені белгілі.

Мен осы тарихи оқиғаны Аққала ауылында кең көлемде атап өтсек деген ойымды айтқанымда, сол арада Социалистік Еңбек Ері Тілеген Жылысовтың немересі, «Тілеген» шаруа қожалығының төрағасы Қуаныш құп алған. Артынша сол бір сағым жылдардан сыр шертетін шежіресі арғы тарихтан бастау алатын осы суретті әкеліп көрсеткенде баршамыз таң-тамаша болып таңырқасып қалдық.

- Бұл Тілеген атамның айтуы    бойынша, 1948 жылы Есбол ауданының Социалистік Еңбек Ері атан-ған 12 азаматының суреті екен. Орталарында гинастеркамен отырған оларды сол жиналысқа бастап барған басшылардың бірі  көрінеді. Бұл сурет біреуде болар-болмас, бірақ ұрпақтары бүгін бар ғой. Көз көрген қарттарымыз таныр,-деді немересі Қуаныш Тілегенов ғасыр-ға жуық сандықта сақталған сар-ғыш суретті сүйсіне алақанымен сипап.

Иә, «Еңбек - ер атандырады» деген рас сөз ғой. Ендеше, бұл ескі суреттегі таныс бейнелерді Сіздер де мақтанышпен тағы бір көріп, өткенді еске алыңыздар, қадірлі индерліктер!

Камалиден ІЗІМОВ,

«Аққала-Мәдениет» КҚМК директоры.

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика