“Reuse. Recycle. Reduce”: Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

БҰҰ мен Halyk қоршаған ортаны қорғау үшін күш біріктіреді.

АЛМАТЫ, 31 мамыр 2023 жыл – Бүгін Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында”Reuse. Recycle. Reduce” тұрақты сән және өнер шарасыөтті. Іс-шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі, Біріккен Ұлттар ҰйымыныңҚоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) және елдің жетекші банкі Halyk ұйымдастырып, кеңаудиторияны тартып, қатысушыларды пластикалық ластануға қарсы жаһандық күреске қосылуға шабыттандырды.

Halyk Alañy алаңында өткен шара барысында қонақтар Молдақұл Нарымбетов пен Саид Атабековтің қайта өңделген материалдардан жасалған арт-инсталляцияларының бірегей көрмесін тамашалады. Бұлөнер туындылары пластикті қолдану мен оның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты түрлі проблемаларды айқын көрсетті. Іс-шараның ең қызықты сәттерінің бірі – жас дизайнерлердің жаңа қағидасы бойынша жасағанкиім топтамасының көрсетілімі болды. Бұл шығармашылық киімдер қоршаған ортаны сақтауға көмектесетін тұрақты сән әлеуетін көрсететін материалдарды қайта пайдалану және қайта өңдеу идеясын жүзеге асырды.

Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі-Стори іс-шара қонақтарына сөйлеген сөзінде: «Біз өнер мен сәннің өзгерістер мен хабардарлықтыарттыру үшін үлкен әлеуеті бар екеніне сенімдіміз. Арт инсталляция көрмесі мен сән көрсетілімдері бізгешығармашылық пен инновация ресурстарды тұрақты пайдалануға және қалдықтарды азайтуға қалай әкелетінін көруге мүмкіндік бердіПластмассаның ластану қасіреті – бүкіл әлем бойынша әрбірқауымдастыққа әсер ететін көрінетін қауіпБізүкіметтер мен бизнестен азаматтық қоғамға дейінгібарлық секторларды шешімдерді табу және қолдау үшінбірігуге шақырамызБіз бірге оң өзгерістерге қолжеткізе аламыз және біз үшін және болашақ ұрпақ үшінтұрақты және жасыл болашақ жасай аламыз», деді.

Қоршаған ортаны сақтаудағы жеке жауапкершілік пен бірлескен күш-жігердің маңыздылығын Халық банкініңбасқарма төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті:

«Halyk өз қызметін жоғары қаржылық көрсеткіштерге назар аударып қана қоймайәлеуметтік және экологиялық жауапты Банк болуға ұмтыладыБіз ESG халықаралық стандарттарына сәйкес есебін жариялай бастаған және БҰҰ Жаһандық шартына қосылғаналғашқы қазақстандық банк болдықБіз “жасыл” несиелеу туралы келісім аясында қаржыландыруды бірінші болып бастадықҚол жеткізілген жетістіктерүшін мақтанышпен біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз және клиенттеріміздіәріптестерімізді және серіктестерімізді жасыл және саналы қоғам құруүшін күш біріктіруге шақырамызБіз таңдалғанмақсаттардың дұрыстығына деген сенімділіктен жәнежақсы нәтижеге жетуге ұмтылудан шабыттанамызБүгін біз іс-шараның барлық қонақтарын және тұрақтылық пен қайталама пайдалану тақырыбына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін талантты дизайнерлерді қарсы алуға қуаныштымыз».

Өнер арқылы қайта пайдалану тақырыбын ашу Halyk үшін қалыптасқан дәстүр екенін айта кеткен жөн. 2018 жылы банктің Алматыдағы бас кеңсесінің кіреберісінде утилизацияланған көліктердің бөлшектерінен жасалған Зұлхайнар Қожамқұловтың «Мерген» мүсіндік композициясы орнатылды. Стеймпанк өнер нысаны тарихпен жаңа технологиялардың, көнелік пен қазіргі заманның синтезі идеясын бейнелейді. Мүсін қала пейзажын тамаша толықтырып, тұрғындар мен туристерді қызықтыратын орындардың біріне айналды, ал орындаудың өзіндік техникасы елімізде де, шетелде де кең танымалдыққа ие болды.

Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімі – «Jip-Jinamé» клубы ретінде алғаш рет өнер көрсеткен қазақстандық жас өнерпаздардың (Адель Біләлова, Аружан Жұмабек, Дария Нұртаза, Зайнап Балагудинова, Медина Базарғали) өнер көрсетуі.

 «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 2023 – бұлүкіметтердіжеке секторды және өнеркәсіпті тағы да көбірек инвестициялауға және пластикалық ластануды тоқтату үшін шешімдерді енгізуге шақыру мүмкіндігіПластикалық ластану адамзаттың да, планетаның да денсаулығына үлкен қауіп төндіредіОл үштікпланеталық дағдарысқа – климаттың өзгеруінебиоәртүрліліктің жоғалуыналастануға және қалдықтарға ықпал етедіБұл Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің тақырыбы пластикалық ластануды тоқтатудың және айналмалы экономикалық модельге көшудің мүмкін жолдарын көрсетеді», – деп қорытындылады ЮНЕП Орталық Азиядағы жетекшісі Айдай Құрманова.

 

Биыл 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілікқоршаған ортаны қорғау күнін бекіткеніне 50 жыл толуда. Жыл сайын әлемде 400 миллион тоннадан астам пластик өндіріледі, оның жартысы бір реттік пайдалануғаарналған. Оның ішінде тек 10 пайызға жуығы қайтаөңделеді. Жыл сайын көлдерде, өзендер мен теңіздерде19-23 миллион тонна пластик жиналады деп есептеледі. Лақтырылған немесе өртенген бір реттік пластик адамденсаулығы мен биоәртүрлілікке зиян келтіреді және тау шыңдарынан мұхит түбіне дейінгі барлық экожүйелерділастайды.

“Reuse. Recycle. Reduce” қазақстандықтардың шабыталуына және пластиктің ластануы проблемасымен күресуге өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді. Іс-шара #BeatPlasticPollution халықаралық үндеуінің маңыздылығын растады және әрбір адамның күнделікті өмірінде тұрақты және жауапты шешімдер қабылдау қажеттілігіне назар аударды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521