Рәміздер күніне орай ауданда мерекелік шара өтті

Рәміздер күніне арнап, Индер ауданының барлық мәдениет үйлері де бірқатар шараларды жоспарлап, дайындық жұмыстарын жүргізіп, лайықты атап өтуге үлестерін қосты.

Аудан өнерпаздары «Рәміздерім-елдігімнің белгісі» атты сазды бейнебаян дайындап, тыңдарманға ұсынды. Оларды басқа да әріптестері жергілікті әкімдік аппараттарымен біріге отырып қолдап, челленждер, бейнебаян, онлайн концерттер қойып ерекшеленген. Атап айтқанда Бөдене өнерпаздары «Рухты асқақтатар рәміздер» атты онлайн концерттік құттықтау челленджімен көрінген. Елтайлық әріптестері «Елімнің рәміздері-еркіндік ны-шаны» тақырыбында көркемсөздер оқыса, аққалалықтар тақырыптық кеш ұйымдастырған.«Бәріде тұр жазылып сенде, байрақ,Дәл қазір желбіреген желмен ойнап.Үстінде ақ Орданың жалғыз жалау,Аспанның елшісіндей кел-ген жайнап.Шарықта, шырқа көкте, көк байрағым-Арманым, азаттығым, көпке айғағым.Мен сенің салтанатты сағағыңа, Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым,-деп өрілген ақиық ақын Ғафу Қайырбековтың өлеңін әлеуметтік желіден оқыған шәкірт тілі жаныңды жады-ратып, көңіліңді аспандатып жібергенін де қайтерсің!

Өрлік ауылы өнерпаздарының дайындаған мерекелік бағдарламасының да өзіндік тартымдылық жақтары аз болмады. Осы қатарға аудандық жастар орталығы дайындаған сұрақтар қойып, жауап қайтаруы, аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары да бұл іске үлестерін қосып, қашықтықтан көңілді ертеңгіліктер ұйымдастыруы да ізденістің бір қырын танытты. Мұндай шараны «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық құндылық» тақырыбында студенттер арасында онлайн тәрбие сағатын ұйымдастырған аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің де жұмысы көп назарынан тыс қалмады.

Қорытындысында еліміздің Әнұраны авторларының бірі, жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 75 жыл толуы да осы аталған мәдени орын-дарда, өнерпаздар ара-сында, оқу орындарында кеңінен қолдау тауып, ерекше көтеріңкі көңілмен атап өтіліп отыр. Ақынның туған жері мен елінің қасиетін өшпестей ұғындырған өлеңдерін шабыттана жатқа оқығандар қатары аз болмады.

«Менің Қазақстаным» менің елімнің әні, елдігімнің Әнұраны, сезімдерінің шарықтау шегі екенін танытқан жас өрендердің, үлкен-кішінің Отанға деген кіршіксіз махаббаттары мәңгі сөнбесін ендеше.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521