Көңілді өткен кешкі концерт

Мереке кешкісін гала-концертпен жалғасып, онда Алматы, Астана, Атыраудағы өнер жолында жүрген жерлестеріміз келіп, туған жерге тарту жасады.

Орталықта өткен шарада да аудан әкімі Серік Арыстан құттықтау сөз сөйлеп, таңнан кешке дейін өтіп келе жатқан тағылымды шаралар кешкі серуенге арналған гала-концертпен жалғасып жатқанын айтып, ыстық ықыласын білдірді.

Сонымен мерекені «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сайлау Қамиев, Алатау дәстүрлі өнер театрының әншісі, бөденелік Жанаргүл Саркенова дәстүрлі әндерден шашу шаша бастады. Ал Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев, Мырзахан Маханов сынды әншілерден құралған «Жігіттер» квартетінің орындауындағы «Құрдастарым- ай», «Болмай ма», «Атамекен» әндерін әуелетсе, елтайлық жерлесіміз Асылбек Тастанов бар «Сұңқар» тобы «Лайлама», «Аққудай арман» атты әндерін, жарсуаттық Қайсар Абдировтың «Барыс» тобы «Барлық қазақ бай болсын», «Шапалақ» әндерін коңыр да, шырқау әуезімен, жарқын да шалқымалы ашық сазды үнімен айрықша орындады.

Кеш аудан өнерпаздарының Табылды Досымовтың әні «Дендерім - байтақ мекенім» әнімен ұласып, лазерлік шоу да халыққа ерекше әсер берді. Көңілді кеш мерекелік отшашумен аяқталды. Осылайша индерліктер өткенін бір електен өткізіп, азаматтарын ардақтап, барын безбендеп, ертеңіне еріксіз көз тастайтындай келер ұрпақ үшін тағылымды іс қылды. Бұл да бір өнеге болып, тарих бетіне хатталмақшы. Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT