Фестивальде топ жарды

Облыстық білім беру басқармасына қарасты «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы «РЕТРО-ПАРК» мәдени-демалыс саябағында ЖОО мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «ГитараFEST» фестивалі өткізілген болатын.

Алғаш рет өткізілген фестивальдің мақсаты – жас талантты орындаушыларды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру, олардың өнер саласында кәсіби өсуіне ықпал ету.

Аталған фестивальге Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің студенті – Исламбек Төлеген қатысып, І орынды жеңіп алды. Ол сайыста Ескендір Хасанғалиевтің «Бозторғай» шығармасын орындаған. Көркемдік жетекшісі Өтеген Нұрмағамбетовтің айтуынша, Исламбек 1 курсқа қабылданғаннан бері мерекелік шараларда ән салып, өз өнерімен танылып жүр. Қазір 3 курста білім алуда.

– Өзім Аққала ауылында дүниеге келгенмін.  Трактор-машинисті мамандығында оқып жүрмін. Жалпы бала кезімнен гитарада ойнауды үйреніп, ән салатынмын. Маған гитарада ойнау шеберлігі әкемнен дарыған, балалық шағымда әкемнен қарап үйрендім. Ағам Айсабек Төлеген де өнерде жүр.

Фестиваль өтетінін естіп, жетекшіммен бірге дайындалып, қатыстым. Студенттер арасындағы сайыс қызықты да көңілді өтті. Бұл фестивальде мен өзіме сенімді болдым және өз еңбегімді талантым ақтап шықты, – дейді Исламбек Төлеген.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521