Ержан – Мәдениет саласының үздігі

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының талантты актерлерінің бірі, елтайлық Жұматов Ержан Хамитұлы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұл сыйын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы табыстады. Үйдің кенжесі, жасынан өнер өлкесіне талпынған Ержан Жұматов 1967 жылы 21 тамызда Елтай ауылында дүниеге келген. Осы ауылда 1974-1984 жылдары В.И. Ленин атындағы орта мектепте білім алып, 1984-85 жылдары Амангелді атындағы совхозда алғаш еңбек жолын бастайды. Кейіннен 1985- 87 жылдары Отан алдындағы борышын өтеп келіп, Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтында 4 жыл білімін шыңдап келді.

eas-093

Алматыда оқып жүрген кезінде Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында, 1992-93 жылдары елге оралып, Индер аудандық мәдениет бөлімінде қызмет етті.

Ерекең 1992-95 жылдары Атырау мәдени-ағарту училищесінде режиссерлік мамандығын жетік меңгеріп жүріп, 1993-97 жылдары Атырау облыстық филармониясында артист болып жұмыс жасайды. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ол 1999-2004 жылдар аралығында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін музыкалық білім беру мамандығы бойынша бітірген.

Жалпы 1998 жылдан бастап Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрында тұрақты қызмет етіп, жиырма жылдан астам ғұмырын киелі өнер шаңырағына арнаған оның театр сахнасында сомдаған рөлдері ауыз толтырып айтарлықтай. Театр ұжымымен бірге Қазақстанның әрбір облысында, тіпті алыс-жақын шет елдерде, яғни Ресей, Македония, Түркия, Германия сынды мемлекеттерде өнер көрсетті.

img-20210329-wa0039

Актердің бақыты – өзіне қонымды рөл тиіп, сол рөлін сахнада шебер орындап жүруінде болса керек. Жаңа қойылымдардың қай-қайсысында да оның басты рөлдері бар. Театр сахнасында сомдаған Р.Ыбраеваның «Махаббат пен кесапатында» - Аслан, Б.Ұзақовтың «Қош бол, Ардағымында» Құдайменде, Д.Исабековтің «Әпкесінде» - Тимур, Т.Теменовтің «Көгілдір таксиінде» – Қайыржан, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - Шәмші, Қадыр Мырзалынің «Жаралы жолбарысында» - Берікбай, Р.Отарбаевтың «Нашақорында» - әке, «Жәңгір ханында» - Нессельроде, Д.Саламаттың «Қайдасың, Фигаро?» спектаклінде Марат ролдері Ержанның жүрегінен орын алған, ұмытылмастай жанына жақын болып кеткен бейнелер.

2010 жылы және 2017 жылы театр әкімшілігінің демеуімен және өзінің ет тірлігінің, күш-жігерінің арқасында елге есеп беріп, дүбірлеген шығармашылық кешін атап өтті.

ХХІ ғасырдың басында театр небір қиындықтарды бастан кешіріп, өнер адамдары, актерлік құрам мен режиссерлердің өздері әрқилы тіршілік кешіп жатқан кезде Ержан сол қиындықтардың әркез бел ортасында болып, театр өнерінің алғы шебінде жүргендердің қатарынан табылды. Әзіл-сықақ бағдарламаларына қатысып, басты рольдерді сомдады. Сол тұста жас актердің қалыптасуына режиссерлер Сағызбай Карабалин, Тілеген Ахметовтердің қосқан үлестері аз болмады. Таудай талабымен құлшына алға ұмтылған Ержанға режиссерлер зор сенім артты.

img-20210329-wa0038

Т.Ахметовтің сахналауындағы И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мен Т.Теменов, С.Сматаевтың «Көгілдір такси» қойылымдары театр репертуарында он жылдан астам уақыт сахналанып келді. Онда Ержан – қазақ «вальсінің королі» атанған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың және Қайыржан сынды басты ролдерді шебер орындап, халықтың қошеметіне бөленді.

Бүгінде ердің жасы елуді еңсерген Ерекең – жалынды, эмоционалды, ширақ, сұранысқа ие актерлердің үнемі алдыңғы қатарында. Өзінің таза еңбегімен, жүріс-тұрысымен, әдепті қылықтарымен ұжымдастарға сыйлы, өзімен бірдей әріптес жастарға ақыл айтып, үлгі-өнеге көрсете білетін, театрдың кез келген мәселесіне бейжай қарай алмайтын, өзіндік пікірі бар, өз көзқарасын ашық білдіре алатын жанашыр азамат.

img-20210329-wa0041

Ержан Хамитұлының да биіктен көрініп, жетістікке жеткен кездері де аз емес. Ол – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің «Театр өнерінің үздігі» дипломымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісімен, «Жылдың үздік актері», Халықаралық «Талант» сыйлығының лауреатымен, қала және облыс әкімінің грамоталарымен марапатталған.

Міне, өнерге шын беріліп, халықтың жүрегінен жол таба білуі оны «Мәдениет саласының үздігі» атағына алып келді. Хас таланттың лайықты марапатына сүйсіне қарайсың.

Алтынбек ТҰРҒАЛИҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика