Бүгін ауданымызда жампоз жырау, ақын М.Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде "Елім дейтін ұланбыз" атты мектеп оқушылары арасындағы аймақтық айтыс басталды. Жас айтыскерлер алдымен жеребе суырып, реттілігін анықтап алды.
Аймақтық айтысқа Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы, Атырау қаласы, Махамбет пен Индер аудандарының мектептерінен барлығы 18 айтыскер қатысуда.