Байқауға қатысып, бағыңды сына

"Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең!" атты эссе жазудан жастар арасындағы облыстық шығармашылық байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай 2021 жылғы қазан айында «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең!» атты эссе жазудан жастар арасындағы облыстық шығармашылық байқауын (Бұдан әрі - Байқау) өткізеді.

Байқаудың мақсаты: жастар арасында Тәуелсіз еліміздің ең асыл қазынасы – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, жастардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық жұмысқа баулу. Байқау бір кезеңнен тұрады: Мемлекеттік тілде бір мезгілде эссе жазу.

Байқауды өткізу шарттары: Байқауға 16-22 жас аралығындағы өңір жастары қатыса алады. Байқауға қатысушыларды бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы білім беру саласының, тіл мен әдебиет салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде үш адамнан тұрады.

Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасы байқауға қатысушыларды бағалау кезінде олардың:

- Эссе көлемі 500 сөзден кем болмауына; - Эссенің стилистикасына, сауаттылығына көңіл аударылуына;

- Эссенің тақырыбы байқаудың тақырыбымен үндес болуына аса мән береді. Байқаудың жеңімпаздары қаржылай сертификаттармен және дипломдармен марапатталады.

Байқауға қатысу туралы өтінімді көрсетілген нысанға сәйкес 2021 жылғы қазан айының 11-іне дейін басқармаға немесе Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript., Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. эл.пошталарына жолдау қажет. Ақпарат үшін байланыс: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,77 Атырау облысы әкімдігінің ғимараты, 114 бөлме.

Ұйымдастырушы: Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Байланыс телефоны: 8 (7122) 354073, 354568 8 702 555 68 75

kosymsha

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521