Бүлдіршіндерге ақ жол тіледі

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық балалар кітапханасы «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» тақырыбында мерекелік кеш өткізді. Бұл шарада «Балдәурен» бөбекжайының «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері қонақта болды.

Кітапхана меңгерушісі Болған Темірболатова жайдары жаздың бірінші күніне дөп келетін балаларды қорғау күнімен болашақ кішкентай оқырмандарын құттықтап, жүрек жарды тілегін ағытты. Содан кейін білім ордасына алғаш басқан қадамдарына гүл бітсін деген ниетпен кітапхана қызметкерлері кішкентай бүлдіршіндермен бірге «Ғажайып ағашқа» лента тақты, ертеңгілік кітаптармен таныстырды. Одан әрімен бөбектер бөбекжай тәрбиешілері Насиха Қарабалина, Индира Маханова, Алмагүл Оразбаевамен бірігіп шаттық шеңберде мерекелік сазды сәлемдерін жолдады, түрлі ойындар ойнап, мереке шырайын кіргізді. Сондай-ақ жасырылған суреттер арқылы берілген ертегілердің кейіпкерлерін лезде тауып, өздерінің алғырлықтарын көрсетті.

Ұйымдастырушылар тарапынан бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар тапсырылған кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапхананың библиографы Балзия Андашева осындай шараны ұйымдастырған кітапхана ұжымына ерекше алғысын білдіріп, балдырғандарды мерекемен құттықтаса, Насиха Қарабалина кішкентай балалармен тығыз байланыста жүретін кітапханаға қызметкерлеріне бөбекжай ұжымы атынан ыстық лебізін жеткізді.

Диас АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика