Атырауда жастар саябағы ашылды

Қала күніне орай Жайық жағасында жастардың демалыс саябағы мен қайта жаңғырудан өткен оң жақ жағалау ашылды.

Жағалаудың жалпы ұзындығы Әлиев көпірінен АМУ ғимаратына дейін 2 шақырымды құрайды. Жағалауды абаттандыру жұмыстарын «КА Строй ЛТД» ЖШС мекемесі жүргізген.

Қайта жаңғырту жүргізілген аумақ Әлиев көпірінен Хамит Ерғалиев жағалауына дейін 1,6 шақырым. Бұл жолда жаяу жүргіншілер жолы, велосипедшілер жолағы және тынығуға арналған орындықтар мен көлеңкелер бар. Ал, "Ақ үйге" қарсы өзен үстінде қалқымалы әуенді субұрқақ орнатылған.

-Субұрқақ қосылған кезде онымен бірге Құрманғазының күйлері шарықтайды. Бір ерекшелігі қараңғы түсісімен субұрқақтың бетіне жарық беріліп, Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіліп тұрады, тура Дубайдағыдай, - деді мердігер мекеменің бөлім басшысы Жанболат ОТАРОВ.

Хамит Ерғалиев ескерткішінен бастап жастардың демалыс саябағы жалғасып кетеді. Саябақ NCOC компаниясының әлеуметтік жобалары аясында бой көтерген. Саябақтың салтанатты ашылуында компанияның басқарушы директоры Ричард ХОУВ Атыраудың 380 жылдығына арнаған сыйлығы екенін атап өтті.

Саябақтың аумағы Атырау мемлекеттік университетіне дейінгі 6,5 гектар аумақты құрайды. Мұнда диаметрі 7 метр болатын 6 субұрқақ және жаяу жүргіншілер жолында жылан формасындағы субұрқақ орнатылған. Сонымен қатар, жобада ойын алаңдары, карусельдер, ересектерге арналған ойын алаңдары, спорт алаңдары, аттракциондар мен экстремалды спорт ойын алаңдары (скейт-парк) бар. Ортасына орналасқан ғашықтардың мүсіндік композициясы да жастар саябағы екенін айқындап тұр.

azh.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика