Атырауда биіктігі 91 метрлік алып тутұғыр орнатылды

Атырау тағы бір сәулет нысанымен толықты, деп хабарлайды ATPress.kz

Тутұғырдың биіктігі 91 метр. Ұзындығы 80 метрлік тутүғыр композициясы субұрқақ пен доға пішінді эркерлік композициядан тұрады. Композицияның орта тұсында қоладан жасалған Қазақстан Республикасының картасы, жоғарғы жағында Елтаңба, ал шеткі бөліктерінде Әнұран жазылған. Конус пішінді тутұғырға 29х14,5 метр болатын мемлекеттік Ту ілінді.

Аталған тутұғыр құрылысы әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың "Игілік" бағдарламасы аясында, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен жүзеге асырылғанын айта кету керек. Жоба менеджерлерінің айтуынша, ең алдымен сапаны бақылау шаралары күшейтілген. Жаңартылған тутұғырды әртүрлі елдерден келген бірнеше маман қайта тексеріп, сондай-ақ АҚШ инженерлері тұғырдың компьютерлік моделін жасап, оны әртүрлі ауа-райына, атмосфера мен желдің жылдамдығына қатысты төзімділігін сынап көрген.

Тұғыр айналасындағы 6 500 шаршы метр аумаққа жасыл гүлзарлар, бұталы қоршау болатын 8 500 көшет, 44 қылқан жапырақты және 70 ағаш отырғызып, ескерткішке іргелес аумақты раушан гүлдермен безендіруді жоспарлап отырғанын айтты.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521