Әншілер ән қанатында

Атырау қаласында облыстық халық шығармашылығы және демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының бастамасымен «Әуезді үн» вокалдық топтар арасындағы облыстық байқау өткізілді.

Индер ауданынан қатынасқан Айданақ Сағындық, Айдар Досымов, Айгүл Дүйсенғалиева өз өнерлерін көрсетіп, сахнаны сәнге бөледі. Нәтижесінде, әншілеріміз байқаудың І орынын жеңіп алды. Топ мүшесі Айгүл Дүйсенғалиева- ұстаз болса да, күні кеше ауданда өткен «Дендер жұлдыздары» байқауына да қатынасып, көрермен көзайымына айналды.

-Әншілеріміз ауданның мәртебесін арттырып, өз өнерлерін паш етіп, үлкен бағаға ие болды. Әншілерді жеңістерімен құттықтаймыз. Сонымен қатар, аталған байқаудың бас жүлдесін Рза Нұрмағамбетова жеңіп алды. Өйткені ол өнер сапарын Индерден бастаған еді. Атырау қаласындағы үлкен өнер ордасында қызмет етіп жүрген Рзаны Индерлік жерлестерінің атынан құттықтаймыз! - деді, салалық бөлімінің басшысы Жеміс Тіепқалиева.

Тоғжан САЙЫН,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ студенті

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика