Алтынбектің алтын күзі

Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші – композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Алтын күзім, армысың» атты ән кеші өтті.

Салтанатты кеште әншінің «Әгугай, домбыра», «Сағындым», «Кенен атамды», «Қара кемпір», «Сағындырған жиырма бес» әндерін орындап, тыңдармандардың жүректеріне жылылық ұялатты. "Ынтымақ" мәдениет үйінің директоры Ғұмар Халиев:

–Ән әлемінде өзіндік үні, сыры бар, ұлттық бояуға қанық асқақ әндерімен өнер сүйер қауымды елең еткізіп жүрген А.Қоразбаевтың ән – кеші жоғары деңгейде өтті. Өзім әншінің барлық өленің жатқа білемін және домбыра мен айтқан өлеңдерін ұйып тыңдаймын, – дейді кеш аяқталар тұста сөз тартқанымызда.

Әншінің өзі талай мәрте осы жерде ән шырқағанын, ауданның көркейіп келе жатқанын көріп шын жүректен қуанғанын айтып, алғысын білдірді. Кеш соңында аудан әкімі Серік Арыстан жетпіске көтерілген өнер абызына шапан жауып, құттықтау хат табыс етті.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT