Жыл қорытындысы: атыраулық ақхалаттылар баспаналы болды

Бірқатар сарапшылар өткен жылы шалғай аудандарда денсаулық сақтау мәселесі бірінші орынға қойылғанын айтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты бастамаларының бірі ауылдардағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту деп санаймын, бұл халықтың өмір сүру ұзақтығы мен әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Бірнеше жыл ішінде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 276 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы аяқталды. Оның ішінде 2023 жылы – 99, 2024 жылы 177, 2025 жылы 125 нысан құрылысы қарастырылған. Сонымен қатар, 32 аудандық аурухананы жаңғырту жалғасуда- деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Жуырда ғана 25 желтоқсанда ашылған Жылыой орталық аудандық ауруханасының жанындағы Травматология және ортопедия бөлімінің тұсаукесерін де жарқын мысал ретінде атап өтуге болады.

"Біз үшін, әсіресе, ауыл тұрғындары үшін бұл үлкен оқиға. Жаңа травматология бөлімшесінде ауыр жарақат алған науқастарға мамандандырылған көмек көрсетіледі. Болашақта жамбас, тізе буындарына күрделі операциялар, омыртқаның эндопротезі, транспедикулярлық фиксация және вертебропластика жасалады" дейді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, Жылыой ауданында бұрын-соңды тері арқылы коронарлық араласу сияқты күрделі операция жасалмаған. Бұл жүректі қанмен қамтамасыз ететін коронарлық артерияларды ашу немесе қалпына келтіру мақсатында тері арқылы жасалатын хирургиялық процедура.

"Бұл әдіс жүрек ауруларын емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Жаңа бөлімшеде 34 операция жасалды, 15 науқасқа стет орнатылды, ал 19-на коронарография жасалды. Травматологиялық бөлімше қажетті рентген аппараттарымен, УДЗ аппараттарымен және басқа да заманауи жабдықтармен — ангиографпен, дефибриллятормен, кардиомонитормен және өкпені жасанды желдету аппараттарымен толық жабдықталған. Мұнда бір профессор, интервенциялық кардиолог, кардиореаниматолог және тағы төрт дәрігер жұмыс істейді. Ең бастысы, жоғары технологиялық медициналық қызметтер тек қалаларда ғана емес, шалғай ауылдарда да қолжетімді болды" деп атап өтті Қ.Абдалиев.

Жалпы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2022 жылдан бастап "Отбасы Банк" АҚ операторы болған тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алуға өңірдің мемлекеттік медициналық ұйымдарында жұмыс істейтін 100-ге жуық дәрігер өтінім берген. Арнайы комиссия баллдық жүйе бойынша үміткерлерді барлық талаптарға сәйкестігін бағалады. Нәтижесінде дәрігерлер бастапқы жарнаны төлемей-ақ жылдық мөлшерлемемен бес пайыз несие алды.

"Бұл бағдарлама дәрігерлердің тұрғын үй мәселесін және мемлекеттік медициналық ұйымдардағы кадр мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап "Отбасы банкі" арқылы мемлекеттік медициналық мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлерге жеңілдетілген тұрғын үй кредитін беру бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 42 маман баспаналы болды" дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Дәрігерлер 25 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Несиелеу мерзімі – 19 жылға дейін. Дәрігерлерге тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік беретін өңірлік бағдарлама келесі жылы да жалғасын табады. Мәселен, №2 Атырау облыстық ауруханасының инфекционист дәрігері Ботагөз Нәбиева жақында қоныс тойын атап өтті.

Аймақтық бағдарламаның арқасында оның тұрғын үй мәселесі шешілді.

"Үш жыл бұрын жұбайыммен бірге (ол да №2 облыстық ауруханада анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істейді) Айбек Елеуғалиев Ақтөбеден Атырауға көшіп келген еді. Осы жылдар ішінде айтарлықтай табыс пәтер жалға алуға кетті. Аурухана әкімшілігі жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынған кезде, біз бірден келістік, құжаттар тапсырып, банктің келісімін алдық, жақсы ұпай жинады. Сөйтіп, 2015 жылы салынған пәтерді таңдап, оған бірден кіріп а лдық. Сол үшін қатты қуаныштымыз" дейді су жаңа тұрғын үй иесі.

Марина ҚУАНЫШЕВА,

аударған – Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT