Жастардың денсаулығы неге төмен?

Қазіргі кезде жасөспірімдер және жастар арасында аурушаңдық көбейіп, алаңдаушылық туғызып отыр. Мысалы, өткен күзде ауданда 226 жас жігіт әскерге шақырылуы үшін медициналық комиссиядан өтсе, соның 36 жасы емделуге тиіс болып шығыпты.

Ал 29 жас денсаулығына байланысты шектеулі жарамды екен. Олардың ішінде миопия, яғни көздің көруі нашарлауы, белінен остехондроз дерті көбейіп кеткен көрінеді.

-Өткен 80-інші жылдары әскерге аттанып бара жатқан жастар арасында мұндай дерт ілуде біреуінен кездессе, қазір көпшілігінен шығып отыр. Өкінішке орай бұл кесел қазіргі бесіктен белі шықпай жатқан жастардың ұялы телефон мен компьютерге сағаттап қадалып отырғанының және қозғалыстың аздығының зардабы, - дейді жасөспірімдер және жастар саулығын жақсартуда еңбек етіп келе жатқан дәрігер Есқалиева Жанар Әбілқызы.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT