Ұжымдық иммунитет қалыптастырып, жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санын азайтуға мүмкіндік беретін вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстары елімізде жалғасын табуда. Ауданда медициналық базаға 30194 тұрғын тіркелсе, оның ішінде ковид дертіне қарсы 14734 адамды егу әу баста жоспарланған еді.
Аудандық санитарлықэпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Ақмарал Қосымбаеваның айтуынша, бүгінгі күнге дейін белгіленген тұрғындардың 10698-і жұқпалы дертке қарсы егілген. Бұл дегеніңіз 72,6%. Алайда бұл санның өзі облыстық көрсеткішке жетпей отыр екен. Облыстағы деңгей қазір 74% құрайды.
Ал, ауданда ревакцинация алуы тиіс 7539 тұрғын болса, оның 4192 тұрғыны қазіргі кезге дейін егілген. Пайызға шаққанда бар болғаны 55,6% құрайды. Бала емізетін аналар, жүкті әйелдер (16-37 апта), 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер және мүгедектігі бар адамдарға «Файзер» компаниясының «Комернати» вакцинасы ұсынылады. Ауданда аталмыш вакцинамен 4654 тұрғын алуы жоспарланған. Белгіленген топтың күні бүгінге 627 тұрғыны егілген. Яғни бар болғаны 13,47% құрайды.
-Бұл вакцина ауданда негізінен емізуде баласы бар аналарға ғана егілуде. Ал жасөспірімдердің егілу қарқыны төмен болып отыр. Мысалы, 2179 жасөспірім егілу керек болса, оның тек 299 жасөспірімі ғана екпе алған. Яғни көрсеткіш шамалы, 13,72%. Жасөспірімдердің егілмей отырғандарының негізгі себебі, атааналардың келіспеушілігінен туындап отыр, -деді басқарма басшысы А.Қосымбаева сөзге тартқанымызда.
Ал, аудандық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Самал Ермұханова ауданда ревакцинацияға «Казвак», «Веросел», «Прайзер» вакци- налары бар екенін қаперге берді.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ