Өңірде індет жұқтырған 61 адам анықталды

Өткен тәулікте облысымыздан 61 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 42 жұмысшыдан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың бәрінде ауру симптомсыз түрде, бір науқаста ғана симптомды өтуде. Індет жұқтырғандардың біреуі ауру белгілері бойынша медициналық маманға өз еркімен жүгінген.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 науқас емделіп шықты. Айта кетейік, пандемия басталғалы бері күні бүгінге дейін covid-19 инфекциясынан Атырау облысы бойынша 11401 адам жазылып шыққан.

Қазіргі уақытта 164 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 38 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 5 (атап айтқанда, Индер ауданынан -3, Қызылқоға ауданынан-2 науқас), Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 174 адам ем қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика