Қаңтардың орта шенінде ушыққан індеттің беті қайта бастағандай.
Ел үкіметінің қабылдаған пәрменді шаралардың нәтижесінде оңтайлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Әсіресе білім беру ұйымдарындағы оқу процесін тоқтатпай, тиісті талаптарға сай қашықтан оқыту да қарастырылған болатын. Яғни, шәкірттер саны 600-ден асатын мектептерге қашықтан оқыту ұсынылған-ды. Бұл ретте аудандағы ахуал қалай екенін білген едік. Аудандық білім беру бөлімі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, осы санатқа жататын ауданда үш мектеп бар. Олар Ш.Уәлиханов, М.Әуезов және «Көктем» қазақ орта мектебі. Бүгінде білім беру мекемелерінде 6247 шәкірт білім алса, оның ішінде 2464-і жасөспірімдер. Аурудың алдын алудың бірден-бір жолы екпе екені белгілі. Қазіргі таңда 60 оқушы екпе алған көрінеді.
С.КӨШЕКОВ