Індеттің алдын алу – баршаға міндет

Асыл дініміз қорғайтын бес асылдың бірі ұрпақ десек, осы ұрпақты сақтап қалу мәселесі бүгінгі күннің басты міндетінің бірі болмақ.

Ұрпақты неден сақтаймыз деген сауалдың төңірегінде маңызды тақырыпқа айналған ауыр індеттің әлем халқына жаппай таралуы. Қазіргі індеттің беті қашан қайтады? Белгісіз. Десек те жақсылыққа үмітті болу мұсылманның міндеті. Сондықтан осындай қысылтаяң кезде әрбір жан өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарап, орынсыз әркеттерге жол бермеуі тиіс. Құдіретті Алла қасиетті Құранда: «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге тікпеңдер». (Бақара сүресі,195-аят) деп бұйырады. Мұсылман баласы осындай сәтте салғыртыққа салынбай, үрейге берілмей, қауіптің алдын алып, аса мейірімді Жаратушыға тәуекел етуі тиіс. Қазақта: «Түйеңді мықты қазыққа байла да, артынан тәуекел қыл» деген сөз қалған. Біздің дәл қазіргі сәттегі тәуекеліміз – қолымыздан келгенше тазалық пен сақтық шараларын орындап, карантин ережесіне бағынып, Алла тағаладан медет тілеп, пана сұрау.Енгізілген ережелер мен сақтық шаралары бекерге жа-салмайтыны белгілі. Каран-тин режиміне салғырт қарау салдарынан көп зардап келіп жатқандығын еліміз ұғынатын күн жетті.

Бұл бірлескен күйде еңсерер сынақ. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде: «Егер сіз қандай да бір жерде оба пайда болағанын естісеңіз, ол жерге бармаңыз және оба сіз тұрған жерге жетсе, онда ол жерден кетіп қалмаңыз».(Бу-хари) деп ескерткен екен.

Бұл хадистің өзі қазіргі жағдайды қуаттап тұрғандығын көреміз.Адам өмірін айрықша қастер тұтқан асыл дініміз көрсеткендей, мұсылман өзіне де өзгеге де зиян тигізбеген жан болуы тиіс. Қазақ халқы дүниеден көшкен адамды арулап-қастерлеп мұсылманша шығарып салуды әдетте қасиетті борышы деп біледі. Осы орайда шариғат дүние салған адамның артынан атқарылуы тиіс 4 шартты міндеттейді, олар – жуындыру, ахыреттік киім кигізу, жаназа намазын оқу, жер қойнына тапсыру. Сонымен бірге 3,7,40 деген сияқты ша-ралар марқұмға сауап болсын деп атқарылатын амалдардан.Ислам шариғатында атқарылса сауап, өткізбесе күнә деген жері жоқ. Және де құзіретті мекеме-лер тиым салғанына құлақ аспастан індеттің өршуі мен ысырапшылдық жалғасып жатыр. Қаралы үйге көңіл айту – мұсылман адамның міндеті.Дегенмен қазіргі жағдайда кейбір нәрселерді ескеріп, сақтық ережелерін қолдануды естен шығармағанымыз дұрыс. Соған байланысты халық ара-сында болатын қаде кезінде топтаспай, 5-10 адамнан асырмай, барлық талаптарды сақтай отырып, шараны өткізген абзал болады.

Өйткені Сіздің шараңыз арқылы елге зиян келсе, сауап емес күнә арқалап алуыңыз әбден мүмкін. Мұсылман алдындағы негізгі төрт міндетті атқарған соң, дұға жасап көңіл білдірсеңіз жеткілікті. Жара-тушы Иеміз ысырапшылдықты құптамайды. Керісінше нығметті қадірлемеу қасіретке душар ететіндігін ескертеді. Қазақ қашан да жас ұрпақтың болашағынан үміт күтіп, ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азамат деп сенім білдірген. Аға буынның алғысы мен ба-тасын алып, ақылын тыңдауға талаптандырған текті ұлттың жалғасы – өнегелі жастар. Өкінішке орай соңғы жылдары сол өнеге қалалық жерлерде солғын тартты.

Тіпті ауылдық жердің өзінде сиреп кеткені көңілге кірбің ұялатады. Бұған бізге мүлдем жат басқа мәдениет, ғаламтордағы биәдеп көрген, естіген нәрселердің тіршілігімізге дендеп алуы себеп болып отыр. Алайда бабадан қалған бай, қазына дәстүрімізді, халықтық қалпымызды сақтаудың бірегей жолы – имандылық екенін естен шығармайық, ағайын!Құраш қажы ЗИНЕЛҰЛЫ,Жарсуат ауылдық мешітінің имамы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT