МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ГРАНТТАР БӨЛІНБЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауында ұлт саулығына баса назар аударған болатын. “Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет.

 Өкінішке қарай, шетелдердің мемлекеттік-жекеменшік әріптeстікке қатысты озық тәжірибелері заңнамамызда толық көрініс тапқан жоқ. Мұның бәрі жобалардың тиімсіз болуына, бюджетке түсетін салмақтың тым артуына әкеп соқтырады. Бұл тәсілдерді қайта қарап, инвестиция тарту үшін ақылға қонымды тарифтер ұсыну қажет. Үкімет денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты жаңа нормативтер мен ережелер әзірлеуі керек. Білікті медицина мамандарының тапшылығы – әлі де өзекті мәселе. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажет”,- деді Президент.

Иә, ұлт саулығы болашақ кепілі. Осы орайда кадр мәселесі қиындық туғызуда. Бүгінде ауылдық жерлердегі дәрігерлер санының тапшылығы, ауруына ем іздеген науқастарды сандалтып қоятыны жасырын емес.

Мұның бәрі кадр тапшылығынан да орын алып жатады. Осы орайда Президентіміз айтқандай медицина саласына түсетін студенттер үшін гранттар саны арттатын болса, барлығы үшінде жағымды жаңалық болары сөзсіз. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін мемлекет тарапынан қашанда қолдау болары сөзсіз. Сондықтан кадрлар мәселесін шешу жолында осы айтылған ұсыныстар жүзеге асады деген ойдамын.

Р.Тайшекенова,

аудандық орталық аурухана басшысының уақытша міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT