Кардиоорталық жанынан 50 орындық жапсаржай пайдалануға берілді

Атырауда кардиоорталық жанынан 50 орындық жапсаржай пайдалануға берілді. Жаңа ғимаратты Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов арнайы барып, аралап көрді, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Жапсаржай – облыс тұрғындарына заманауи медициналық ​ көмекті одан әрі сапалы деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз - қан айналымы жүйесінің негізгі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту» деп атап өтті аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. ​

makham

koridor

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы демеушілігімен салынған ​ жапсаржай үш қабаттан тұрады. Онда қабылдау-сұрыптау және диагностикалық аймақ, ​ клиникалық-зертханалық қызмет және әкімшілік, кардиохирургия және қан тамырлары хирургиясы, реанимациялық-операциялық блок және рентгенхирургиялық қызметі бар интервенциялық кардиология бөлімшесі орналасқан.

kardio

tomogr

Басты атап өтерлігі, ғимаратта ​ орталықтандырылған оттегі станциясы бар. Станция оттегін үздіксіз өндіруге мүмкіндік береді. Еске сала кетелік, Атырау облыстық кардиологиялық орталығы аймақ тұрғындарына және көрші облыстардан келген емделушілерге жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін бірден бір емдеу сауықтыру мекемесі. ​

ortalyk

Орталықтың негізгі бағыты - ​ кардиология және жүрек-қантамыр хирургиясы, интервенциялық кардиоангиология және аритмология, сонымен қатар көп салалы хирургия.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT