Индер ауданы бойынша тауарларға көрсетілетін қызмет сапасын қадағалау мен бақылау басқармасында күні бүгінге екпе алмаған есебінде 81 бала, 61 отбасы тұр.
Зерделей келе оның ішінде 40 баланың ата-анасы, яғни 28 отбасы діни көзқараста екені анықталды. Соған байланысты екпеден бас тартқан атааналармен дінтанушы, теолог мамандарды тарта отырып, түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек құрамында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Темірғалиева, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бөлім басшысы А.Қосымбаева, аудандық аурухананың бала дәрігері С.Исағалиева, аудандық аурухананың эпидемиолог дәрігері Г.Рахимова, «Шапағат» қоғамдық қорының аудан бойынша теологмаманы Е.Сағынов пен ақпараттық талдау орталығының маманы Д.Байбақты бар комиссия мүшелері аталған басқарма есебінде тұрған үй-үйлерді аралап, екпеден бас тарту себептерін анықтады.
Қамтылған 13 отбасына мамандар тарапынан екпенің маңыздылығы жөнінде толыққанды түсінік берілді. Түсінік жұмыстары нәтижесінде 4 бала кезекті екпелерін алды.
Ал таяуда еліміздегі карантин режиміне байланысты екпе алмай жүрген балалардың ата-аналарымен ZOOM бағдарламасы арқылы байланысқа шығып, «Екпе-сенімді қорғаныс» тақырыбында онлайн жиналыс өткізілді. Ата-аналар тарапынан "екпенің құрамы қандай?", "Әлеуметтік желілерде жүрген ақпараттарға сенуге бола ма?" деген сынды сұрақтар қойылып, мамандардан толыққанды жауаптарын алды.
А.БОКИРОВА