COVID-19: Өңірде 59 адам инфекция жұқтырған

Атырау облысында өткен тәулікте 59 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ATPress.kz

Қауіпті дертке шалдыққандар арасында 12 адам Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде - 31 жұмысшыдан, Жылыой - 4, Қызылқоға - 3, Индер - 4, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 анықталған. Инфекция жұқтырған 19 адамда коронавирустың симптомды түрі тіркелген.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 83 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 220 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 102 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 18, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 400 адам ем қабылдауда.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT