COVID-19: Атырау облысында 82 адам індет жұқтырған

Атырау облысында өткен тәулікте 82 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 16-сы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 58 жұмысшыдан, Жылыой-3, Қызылқоға-1, Индер -1, Құрманғазы ауданында 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12- інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 92 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 149 адам үй жағдайында емделуде.

Облыстық инфекциялық стационарда 101 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 39, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 821 адам оқшауланып ем қабылдауда.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

stopcoronavirus.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521