Ауыл тұрғындарына жылжымалы дәріханалар қызмет көрсетеді

Шалғайдағы ауыл тұрғындарын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жылжымалы дәріханалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалар немесе үлкен елді мекендер медициналық көмек көрсету орталықтарымен, ауруханалармен, дәріханалармен нарықтың сұранысына орай қамтамасыз етілген. Бірақ, қазіргі кезде ауылдық жерлерде, әсіресе аз адам тұратын шағын ауылдарда медициналық көмек көрсету жоқ немесе деңгейі төмен десек болады. Сондықтан бұл қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің алдында тұрған маңызды мақсаттардың бірі саналады. Өздеріңіз білетіндей, 3,5 мыңнан астам жылжымалы ұтқыр бригадалар ұйымдастырылды. Олардың ең басты мақсаты - 1 сағаттың ішінде кез келген ауылдағы науқасты жақын арадағы ауруханаға жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсету», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, ауыл халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 100 арнаулы автобус сатып алынған.

«Ол әрбір өңірге жеткізілді. Бұған қоса, аудан орталығынан шалғайдағы, дәріханасы жоқ елді мекендерді дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдары және жылжымалы дәріханалар арқылы жүзеге асырылады. Аталған бағыттағы шаралар іске асырылуда», - деді Бағдат Қожахметов.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика