Қауіпті ауруларға қарсы егу басталды

Бүгінде аудандық «Ветеринариялық станса» КМК-на қарасты әр округтердегі мал дәрігерлері 2019 жылғы ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринариялық-профилактикалық басты шара – аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстарын бастады.

Кәсіпорын басшысы Ербол Бөкеевтің айтуынша, бұл шарамен аула-қоралардағы барлық мал, атап айтқанда ірі қара, оның ішінде ұсақтары да бар, түйе, ит-мысықтарды да екпеден өткізіп, тексертіп алу қажет.

Сонымен қатар биылғы туған мал төлдерді сырғалатып, бірдейлендіру дерекқорына тіркетілуі тиіс. Қыстан аман-есен шыққан соң мал өріске кеткенде аула-қоралар қи-көңнен тазартылып, міндетті түрде залалсыздандырылғаны дұрыс.

- Кәсіпорын аудан көлеміндегі бұралқы иттер мен мысықтарды жоюмен де айналысады. Сондықтан иелері өз иелігіндегі иттерді округтеріндегі мал дәрігерлеріне тіркетуді, уақтылы екпеден өткізуді, малдәрігерлік паспорт алуды, сонымен қатар оларды байлап ұстап, бұл бағыттағы қағидада көрсетілген заңдылықтарды сақтауды ұсынамыз. Бос жүрген иттер бұралқы ретінде ескертусіз жойылатын болады,-деп мәлімдеді басшы.

Кәсіпорын осы жайларға түсіністікпен қарап, орындауды ұсынады. Сонымен қатар әр округтердегі мал дәрігерлері, атап айтқанда Индерборда- Т.Әленов (жұмыс телефоны 2-00-35, ұ/т 87022648384), Бөденеде- Е.Еңсепов (26-3-34, 87014501871), Жарсуатта-Н.Қуанышев (23-4-44,87029853461), Көктоғайда-Е.Әбішов (28-7-83,87754785363), Өрлікте-А.Батырғалиев (27-4-83, 87024621066), Есболда-С.Қажекенов 24-3-17, 87783802700), Елтайда- А.Мұқатов (25-5-71,87016365498) байланыстары арқылы шығуға болады. Ал кәсіпорын басшысы Е.Букеевтің телефондары 2-00-35, ұ/т 87753186316.

Малдарыңыз бен ит-мысықтарыңызды алдын ала екпелерден өткізіп, құжаттандырып, тиісті талаптарға сай ұстау сіз ғана емес, баршамыз үшін де маңызды екенін ұмытпайық.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT