Ауданда бір науқастан індет табылды

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тоғыз адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың үшеуі Атырау қаласынан. Ал екі науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Екі науқас Жылыой ауданынан, сондай-ақ, Индер мен Мақат ауданынан бір науқастан қауіпті індетті жұқтырған. Коронавирус жұқпасымен науқастанған үш адамда ауру симптомды түрде, алтауында симптомсыз түрде өтуде.

Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 38 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 102 науқас үй жағдайында емделуде.

Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда 47 адам емделіп жатыр. Оның 27 - сі № 2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 20 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика