Атырау "қызыл аймақта"

«325 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 52 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 5 адам анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 5, Индерде 4, Исатай ауданында – 8, Қызылқоғада – 6, Махамбет ауданында – 2, Құрманғазыда 1, Мақат ауданында.- 6 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 53 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 30 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 404 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 114, №2 облыстық ауруханада -97, фтизиопульманологиялық орталықта -6, аудандық инфекциялық стационарларда – 43 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 43 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймаққа өтті.

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT