Жерлестеріміз "Зердеден" зеректілігімен танылды

27-29 қаңтар күндері Ақмола облысы Щучье қаласындағы 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық оқушылардың зеттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының байқауы өтіп, оған қатысқан аудан оқушылары жүлделі оралды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған бұл сайыста «Медицина және психология» секциясы бойынша қатынасқан Аққала орта мектебінің 4 сынып оқушысы Фарида Ораз І орын және «Математика және информатика» секциясы бойынша М.Сиранов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Гүларша Елеусін ІІ орынды, «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Бөдене орта мектебінің 2 сынып оқушысы, облыс бойынша ең кішкентай қатынасушы Рахман Серік жүлделі ІІІ орын иеленіп, ауданның мерейін үстем қылды.

Әрине, қайсыбір жетістіктің артында да балаларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздың үлкен еңбегі жатқаны ақиқат. Аталған оқушыларды тәрбиелеп, зерттеу жұмысына, шығармашыллыққа баулып жүрген ұстаздар – Бақытгүл Қабдирова, Құралай Шәтенова және Фаузия Сәрсенғалиева есімдерін атап өтсек артық болмайды. Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

sakhranit

Сонымен қатар, байқау кезінде Фарида Ораз «Медицина және психология» секциясы бойынша «Жазу және мінез –құлық» тақырыбында жетекшісі Бақытгүл Қабдировамен тынбай ізденіп, еңбектенген. Міне, жүлделі оралған жерлестерімізді ата-аналары мен жақын жандары күтіп алды.

Тоғжан САЙЫН,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ студенті

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика