Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатыны белгілі болды

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатынын айтты. 2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, мынадай мерзімдер анықталған.

2020-2021 оқу жылының басталуы - 1 қыркүйек 2020 жыл;

1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады,

2-11 (12) сыныптар - 34 апта.

Оқу жылының демалыс кестесі: 1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл ),

қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл),

көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл);

1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (8-14 ақпан 2021 жыл).

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға қарамастан, оқушылардың демалысы өзгеріссіз қалатынын айтқан еді. "Қашықтан оқуға қарамастан, балалар қатты шаршайды. Сондықтан каникул кестесі өзгертілмейді", - деді министр. 1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады.

Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші класс қарастырылған. 

sputniknews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT