«Көктем» қазақ орта мектебіндегі алғашқы қоңырау салтанатына аудан әкімінің міндетін атқарушы Дарын Шамұратов қатысып, баршасын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
-Елімізде білім саласына мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілуде. Ауданда 415 млн теңгеге білім саласының материалдық-техникалық базасын жаңартуға қаржы мақсатты жұмсалып, жас ұрпақтың кемел білім алуына мүмкіндігінше бар жағдай жасалуда, - деді Д.Шамұратов.
«Көктем» қазақ орта мектебінің директоры Орынша Ділмұқашева атап өткендей, өткен оқу жылында мектепті 437 оқушы аяқтап, білім сапасы 54,6 % құрады. Мектеп түлектерінің ҰБТ көрсеткіші бойынша тестке қатысқан барлық 15 түлек шектіктен жоғары балл жинап, білім сапасы 76,4% аудан мектептері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды. Бүгінде 13 түлек жоғары оқу орнына, 5 түлек колледжге қабылданып, студент атаныпты.
Осылайша жаңа оқу жылын үздік мектеп 532 оқушымен бастап отыр.
САЛАМАТ.Б.