Әлеуметтік жобаның мақсаты айқын

Аудандық білім бөлімі мен облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының қолдауымен 8-11 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу мақсатында Y-Peer халықаралық ұйымының тәжірибелі тренерлерімен бірге «Safe.Qogam» тренингі өткізілді.

Тренинг алдымен «Көктем» қазақ орта мектебіндегі 8-9 сыныптарында жекелей кабинеттерде басталды. Оқушыларға сергіту ойындарын өткізгеннен кейін, тренерлер Аслан Темірханов пен Жанерке Тұрғанбек зорлық-зомбылықтың түрлері, буллинг деген не және одан қалай қорғану керек деген секілді сұрақтарға жауап беріп, еркін форматта оқушылардың тақырыпқа көзқарасын білу арқылы тренинг өткізді.

Одан соң, оларды жәбірленуші, куәгер және буллинг деп үш топқа бөле отырып, әр топ өздеріне берілген тақырыпта әңгіме өрбітіп, арнайы параққа ойларын суретпен түсіріп, белсенділікпен қатысып қорғап шықты.

Аталған жоба ұйымдастырушылары Альмира Бисембаева, Айжұлдыз Надирханова мен Дана Аскарованың айтуынша, бұл тренинг жобасы Индер, Мақат және Махамбет ауданында өткізу жоспарланған.

– Біздің «Safe.Qogam» жобасы – әлеуметтік жоба болып саналады. Бұл жоба Америка Құрама Штатының грантымен жұмыс істеуде. Осыған дейін қараша-желтоқсан айларында психолог-педагогтерге өткіздік, олар екі модульде яғни, теориялық бөлімде баламен қалай жұмыс жасау керек деген секілді бағыттарды оқытсақ, келесі модульде әр психолог өз мектебінде оқушыларға және ата-аналарға міндетті түрде өткізу керек болды. Қазіргі уақытта біз peer-to-peer түрінде Атырау облысындағы үш ауданда өткізудеміз. Барлығында да зорлық-зомбылық тақырыбына кеңінен тоқталып отырмыз,- дейді бізбен әңгімесінде.

Шара соңында қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылып, оқушылар жаңа ақпарат берген тренерлеріне алғыстарын жеткізді.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз