Қос шәкірт республикада топ жарды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау, жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру, ғылыми, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында Астана қаласында «Сен ғылымға болсаң ынтық ...» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті.

Байқауға қатысқан Индер ауданы Елтай ауылындағы М.Сиранов атындағы орта мектептің қос шәкірті 1-ші орын иеленеп, қуантты.

Нақтыақ айтқанда, 6 сынып оқушысы Ұлдана Нағим «Бөлме өсімдіктерінің фитонцидтік қасиеті» тақырыбында (жетекшісі: Жапырақ Тұрымбетова) және 4 сынып оқушысы Еркеназ Иманбай «Менің дала өнеріне қызығушылығым» тақырыбында (жетекшісі: Айнұр Қабиева) жобалар ұсынып, сараптау қорытындысы бойынша жұмыстары үздік танылып, дарындылығы мен көшбасшылық қабілеттері үшін «Үздік ғылыми жоба авторы» төсбелгісімен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ж.Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521