Жақында облыс орталығындағы «Атырау сервис колледжі» базасында «Worldskills Атырау-2019» өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті.
Бұл дода жастар арасында жұмысшы мамандығының кәсіби шеберлерін анықтап, қоғамдағы танымалдылығы мен беделін арттыру мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Облыстың түкпір-түкпірінен 110 студент бақтарын сынаған чемпионат үш күнге созылды. Байқауда аудандық көпбейінді ауыл шаруашылық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенті Құралай Дінғалиеваның бағы мен бабы қатар шауып III орынды иеленсе, осы сайысқа шәкіртін дайындаған өндірістік оқу шебері Жайнагүл Өтепқали алғыс хатпен марапатталды.Ал «IT жүйелерін басқару» бағыты бойынша қатысқан «10 ай ЭЕМБ» тобының студенті Айнұр Табылдиева арнайы «Сертификат» иесі атанды.
-Жалпы байқау қатынасушылары жайлы орынға жайғаса салуды емес, елге керек еңбекпен айналысуды көздеген жастар,- дейді колледж оқытушысы Жайнагүл Өтепқали.
Д.АЙБАР