Ғалам ғажаптары: Роботтар дәуірі басталды

2016 жылдан бері әлемде жұмысшы роботтар саны екі есеге артты.

Қытай алғаш рет Германия мен Жапонияны басып озып, ең робот­тандырылған елдердің үштігіне енді. Қазір Қытайда әр 10 000 қызметкерге 470 роботтан келеді. Әлемдегі зауыттарда жалпы 4 миллионнан астам робот жұмыс істесе, олардың жартысынан астамы Қытайдың үлесінде (276 мың). Ал әлемдік көшбасшы – Оңтүстік Корея (1012 робот), екінші орында – Сингапур (770 робот). Өнеркәсіптік роботтардың тығыздығы бойынша Еуропа алда тұр (әр 10 000 жұмысшыға 219 робот), Солтүстік Америкада – 197, Азияда – 182. Осы қар­қынмен жұмыстың бәрін роботқа жүктейтін күн де алыс емес секілді.

 

Жаңа веб-браузер

ап

«OpenAI» компаниясы ChatGPT негі­зінде жұмыс істейтін іздеу функ­ция­лары жақсартылған веб-браузер жасауды қарастырып жатыр.

Компания ChatGPT-мен біріктірілген браузер жасау мүмкіндігін зерттеу үстінде. Алайда өнімді іске қосуға әлі ерте. Дегенмен «OpenAI», «Conde Nast», «Redfin», «Eventbrite» және «Priceline» сияқты бір­неше ірі компаниямен келіссөздер жүргізіп үлгерген. Сонымен қатар «OpenAI» жасанды интеллектіні «Samsung» смартфондарына қосу мүмкіндіктерін қарастырып отыр. Бұл компания «Google»-дің негізгі серіктестерінің бірі саналады. Бұған дейін «OpenAI Apple» компаниясымен серіктестік орнатып, технологиялары «Apple Intelligence» функцияларында қолданылған.

 

Күн батареясының қуаты керемет

ап

Ғалымдар күн батареяларының тиімділігін 125%-ға арттырды.

Ұлыбритания, Португалия, Бразилия зерттеушілері торлы құрылымның орналасуын өзгерту арқылы кристалдық кремнийдің тоқ өндіру қабілетін жақсарта түсті. Зерттеу барысында батареяның фотон аймағын шахмат тақтасы тәрізді модельдеп, оны басқа құрылымдармен салыстырған. Нәтижесінде, кездейсоқ орналасқан элементтері бар шахмат үлгісі басқа конструкциялардан көбірек тоқ өндіретіні анықталды. Бұл құрылым 125%-ға тиімді болып отыр. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT